Халықаралық интеграция

Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне 300 әлемдік компания әскери өнімді ұсынуға дайын

Әлемнің әр елінен әскери техника өндіретін 300-ден аса компания Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне өз өнімін ұсынуды жоспарлауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 19 Ақпан, 17:26

Алайда, бұл әлі нақты сан емес, себебі, таяу және алыс шетелдегі елдердің шетелдік қатысушылары мен меймандардың өтінімдері күн сайын келіп түсуде. Көрменің танымалдылығымен қатар еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту  және армияны жабдықтау үшін «KADEX-2016» тиімділігін де атап өткен жөн. 

Оның өткізу нәтижелері әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электронды аспаптарды өндіру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару мен техникалық қызмет көрсету, үш координаталы радиолокациялық станцияларды өндіру, сондай-ақ броньды кеудешелерді шығару жөніндегі бірқатар бірлекен өндірістер болды. Осы жылы «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтеді. 

Бүгінгі таңда аталмыш көрме Орта-Азиялық өңірдегі ауқымды іс-шараның бірі болып табылады. Көрме 2010 жылдан бастап үш рет өткізілді және еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытуға, Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мен өрістетуге бағытталған әскери мақсаттағы отандық және шетелдік тауар өндірушілердің жемісті бірлескен жұмысының алаңына айналды.  


 





Яндекс.Метрика