Өңірлер

2015 жылы Жамбыл облысы мен ЕАЭО елдерінің сауда көлемі 6,8% -ға өсті-әкім

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауданың көлемі 2015 жылы 11 ай ішінде 6,8% -ға өсті. Бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімі Карим Көкрекбаев аймақ тұрғындарымен өткен есептік кездесуде айтты.
Жамбыл 19 Ақпан, 17:09

Өз баяндамасында аймақ басшысы жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, есептік жылдың 9 айы ішінде жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,2%-ды белгіледі. Жыл қорытындысы бойынша ЖӨӨ-нің деңгейі 101,6 %-ға өсті.

«Қиындықтарға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауданың көлемі 2015 жылы 11 ай ішінде 6,8% -ға өсті»,-деді К.Көкрекбаев.

Аймақ басшысының айтуынша, 2015 жылы өндірістік кәсіпорынмен 274,5 млрд теңгеге өндірістік өнім шығарылды, көлем индексі 91,3% -ды құрады.

Электр энергиясын, газ, бу беру және ауа баптаудың өсу тенденциясы 4,1 % (60,6 млрд теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау - 1,7% -ға өсті (2,5 млрд теңге).

«Электр энергиясын өндіру 13,3% -ға өсті және 3,1 млрд сағ/кВт құрды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында да жақсы нәтижеге ие болды, өнім өсімі 6,6 % болды»,-деді облыс әкімі.





Яндекс.Метрика