Инфрақұрылымның дамуы

2016 жылы Ақтөбе облысының барлық аудандары газбен жабдықталады

2015 жылы бюджеттік қаржылар мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестицияларының есебінен елді мекендерді газбен жабдықтаудың 7 жобасын іске асырудың нәтижесінде облыс тұрғындарының газбен қамтылуы 83,7% құрады, бұған қоса, 2014 жылмен салыстырғанда 2% өсім байқалады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе20 Ақпан , 10:02

2016 жылы Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына жеткізуші газқұбырының құрылысы аяқталатын болады.

Сонымен қатар «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 8 ауылдық елді мекенде (Әйтеке би ауданының Комсомол, Ойыл ауданының Ойыл, Алға ауданының Богословка, Мұғалжар ауданының Талдысай, Еңбек, Алтынды, Қарғалы ауданының Қосестек, Хромтау ауданының Аққұдық) жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының, сондай-ақ Ақтөбе, Алға, Қандыағаш қалаларында автоматтандырылған газ бөлу станцияларының құрылысы жөніндегі 11 жобаны іске асыруды жоспарлауда.

Сөйтіп, 2016 жылы Ақтөбе облысының барлық аудандарының орталықтары газдандырылатын болады, бұл тұрғындардың газбен қамтылуын 85,7% дейін ұлғайтады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика