Өңірлер

2016 жылы Ақтөбе облысында отбасылық нысаны түрінде мини-фермалар ашылады

2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 142,7 млрд. теңге, физикалық көлемінің индексі – 103%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі - – 106,6%, мал шаруашылығы өнімі – 101% құрады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе19 Ақпан , 15:03

Өндірілген өнім көлемін ұлғайту жалпы сомасы 15,1 млрд. теңгеге субсидий және жеңілдігі бар несиелер түріндегі мемлекеттік қолдау көрсетудің арқасында мүмкін болды.

Бұдан басқа, «Агробизнес - 2020» бағдарламасы ауқымында 4102 бас мүйізді ірі қара, 10 472 бас қой және 2 067 бас жылқы сатып алынды, бұл асыл тұқымды МІҚ малының үлесін 5,4% дейін, жылқыны  13,5%, қойды - 11,8% және шошқаны – 75% ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2015 жылы қуаты 1150 тонна алаңы 4,0 га. жылыжай кешені пайдалануға берілді. Қолдағы жылыжайлар облыстың маусымаралық кезеңдегі көкөніске мұқтаждығын 51,7% қамтамасыз етеді.

Қуаты жылына 3000 тонна көкөніс сақтау қоймасы, 3,0 мың басқа арналған бордақылау алаңы, жобалық қуаты жылына 7200 тонна мәрмәр ет өндіретін жаңа 88 жұмыс орны бар ет комбинаты іске қосылды.

2016 жылдың  қаңтарында   Ауыл  шаруашылығы министрі, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай  облыстары  және  «Inalca Eurasia» трансұлттық  компаниясы арасында  етті   мал  шаруашылығында, 44,0 мың  басты жемдеу алаңдарын, инвестициялық  сомасы  100 млн.евро  болатын  өңіраралық   кооперациясын   құру туралы   меморандумға   қол қойылды.  

Бұдан  басқа,  2016 жылы іске асырылуына  2,5 млрд.теңге  қаралған шаруашылық жүргізудің отбасылық   нысаны түрінде   мини-фермалар  құру  бойынша   ілкі   жобаны  іске асыруды   бастау,  сондай-ақ  1,2  мың  жұмыс орнын ашу жоспарланды.

 




Яндекс.Метрика