Үкімет

Б.Сағынтаев: Қытай - қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өткізудің әлеуетті нарығы

Қытай - қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өткізудің әлеуетті нарығы, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев АШМ алқа отырысында.
Астана қаласы19 Ақпан , 12:39

«Қытай нарығы – біз өндіретін барлық затты алатын болады. Біз олардың стандартымен жұмыс істеуге дайын екенімізді айттық. Олар жұмыс тәртібін бізге ұсынды», - деді ол.

Б.Сағынтаев атап өткендей, Қытай органикалық өнімге көшті, ол өнімнің Қазақстаннан келуін есептеп отыр.

«Олар өз халқы мен бизнесін Қазақстанға бейімдеді. Біз оны қолдана алуымыз керек. Олар бізден астық, ет, бал, өсімдік майлары, сүт өнімдерін сатып аламыз  деп отыр. Қазақстанға инвестиция құйып, бірлескен кәсіпорындарды ашуды жоспарлап отыр», - деді Б.Сағынтаев.

 




Яндекс.Метрика