Халықаралық интеграция

ҚР СІМ: Қазақстан мен Алжир арасында саяси кеңестер өтті

Алжир қаласында Қазақстан мен Алжир арасындағы сыртық істер мекемелерінің саяси кеңестері өтті, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде19 Ақпан , 16:52

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов бастады, ал алжирлікті – Сыртқы істер мнистрлігі мен халықаралық ынтымақтастықтың бас хатшысы  Абдельхамид Сенуси Берекси бастады.

А.Мусинов алжирлық жаққа алда болатын сайлау, еліміздегі экономикалық жағдайды және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Үкіметтің жаһандық экономикалық дағдарыстың теріс әсерін барынша азайту үшін қолданылған шараларын және Елбасының бес институционалды реформасын жариялағандығын айтып өтті.

«Кеңес барысында екі жақты және көпжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гумманитарлы, консулды және тағы басқа  ынтымақтастықтың түрлі аспектілері талқыланды. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар ірі халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша Қазақстан мен Алжир арасындағы ұқсастықты атап өтті»,-деп хабарландыруда айтылған.

Алжирлік дипломаттар парламентаралық байланыстарды орнату мен екі мемлекеттің заң шығару органдарында достық топтары құруға қызығушылық білдірді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика