Адамзаттық капитал

Темір жол вокзалдарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуді жақсарады – ИДМ

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру ережесіне бірқатар толықтырулар енгізілді. Өзгерістер енгізілген құжатқа Инвестициялар және даму министрлігінде қол қойылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан19 Ақпан , 18:31

Мүгедектер үшін теміржол вокзалдарындағы теміржол көлігі саласындағы қызметтер қолжетімді болуы үшін мыналар қамтамасыз етілуі керек:

1) мүгедектердің автокөлік құралдары үшін арнайы жол белгілері орнатылған орын бөлу;

2) қозғалысы шектеулі жандар үшін ғимараттарды, ғимараттардың кіреберісін (ғимаратқа кіру, баспалдақ), ғимараттың ішіндегі жолдарды ыңғайлы ету;

3) ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, құлақтары мүкіс, көруі нашар мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық белгі беру және байланыс құралдарымен жадықтау;

4) тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедектер мен қозғалысы шектеулі жандарды алып жүретін арнайы кресло - арбаның болуы;

5) мүгедектерге арналған кресло-арбамен қозғалатын тұлғаларға ыңғайлы болу үшін қоғамдық дәретханаларды арнайы кабиналармен жабдықтау;

6) мүгедектерге арналған кресло-арбамен қозғалатын тұлғалар үшін арнайы таксофондар орнату.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика