Ұлт жоспары 100 нақты қадам

С.Нұрмұратов: Қазақстан бүкіл әлемге тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын паш етеді

Қазақстан бүкіл әлемге тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын паш етеді, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында философия ғылымдарының докторы, философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Нұрмұратов.
Астана қаласы19 Ақпан , 12:23

 «Дәл бүгінгі таңда елімізде Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының аясында әлеуметтік-саяси жаңғырту үдерісі жүріп жатыр. Қандай да бір жаңадан күрделі мәселелер туындаса да, оны еңсеретін қуатты мемлекет құрылған бізде. Осы уақытқа дейін қаншама элита мен бұрынғы құндылықтар жүйесі алмасты. Еліміздің ұзақмерзімді дамуын көздейтін саясат пен экономикаға өзгерістер енгізіліп, қайта жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар, егер мәдени мінездемеміз, қоғамдық құндылықтар мен инновациялық қажеттіліктеріміз бүгінгі күннің талабына сай іске асатын болса, демократиялық қоғамның ілгері жылжуы сәтті жүзеге асады»,-деді С.Нұрмұратов.

Философия ғылымдарының докторы айрандай ұйыған халық қана адам нанғысыз даму биігіне көтеріле алады, деп есептейді. 

«Мемлекет басшысы айтқандай қазіргі заманда барлық дамыған елдердің мықты болуы қоғамдық бірліктің нәтижесіне байланысты.  Бір елдің экономикалық, саяси және мәдени тынысымен өмір сүріп жатқан қоғамның ортақ құндылықтары болады. Оларды ортақ даму мақсаттары біріктіреді. Мемлекеттің жетістігі жеке тұлғаның жетістігімен тікелей байланысты. Қазақстан бүкіл әлемге тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын паш етіп келеді. Бұл Қазақстанның тұтастығының кепілі», - деп атап өтті профессор.

Айта кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты» қадамның IV бағыты Қазақстанның тұтастығын нығайтуға және біртұтас азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика