Инвестициялар

«ҚазАгро» 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында 2,3 мың жобаны қаржыландырады

«ҚазАгро» 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында 2,3 мың жобаны қаржыландырады, деді «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов.
Астана қаласы19 Ақпан , 11:52

Оның айтуынша, «ҚазАгро» холдингінің 2016 жылғы негізгі жұмысы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» 3 қадамын жүзеге асыруға бағытталады.

«Ол үшін «ҚазАгро» Үкіметтің арнайы резервінен 25 млрд теңге мен БЖҚҰЗ қаржысынан 100 млрд теңгені холдинг облигациясы арқылы бөлді», - деді ол.

Ол атап өткендей, осы қаржыға 2300 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Оның ішінде: трансұлттық компанияның қатысуымен 5 жобаны қаржыландыру, сүт кластері аясында 240 жобаны жүзеге асыру, сүт жинау және сүт өңдеу жобаларын іске асыру қарастырылған.

Н.Мәлелов айтқандай, қаржыландыру 60 ың бас ІҚМ мен 130 мың қой алуға, 6000 қоректендіру орнына жұмысалады. Сондай-ақ, 2 жаңа жаңғыртылған және 4 әрекеттегі ет өңдеу  кешенін құру жоспарланған», - деді ол.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика