Білім беру

К.Кенжебаев: ЖОО-да жаппай электронды онлайн-оқытуды енгізу - білім беруді дамытудың қозғаушы күші

ҚР ЖОО-да жаппай электронды онлайн-оқытуды енгізу жүйесі білім беруді дамытудың қозғаушы күші, деп Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Кенжеғали Кенжебаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы19 Ақпан , 11:36

«Президент айтқандай, жаһандық дағдарыс – ол жай ғана қауіп, сонымен қатар жаңа мүмкіндік. Сол себепті білім беру саласындағы әлемдік тенденция дағдарыс барысында да түсіністікке ие болады. Сәттіліктің қозғаушы күшінің бірі – жоғары оқу орындарына жаппай электронды онлайн-оқытуды енгізу болып табылады және олар ақырындап университеттерде іске асырылуда. Айта кететін жайт, Елбасының бастамасымен 2017 жылы кәсіби-техникалық білім тегін болады. Бұл төтенше керек және дұрыс жасалған шешім»,-деді К,Кенжебаев.

Естерінізге сала кетейік, 2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа айтқан Жолдауында 2017 жылдан бастап «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім» атты жаңа жоба іске асырылады. Осыған орай Үкіметке тиісті жұмыстарды атқаруға тапсырма берілді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика