Ұлттың денсаулығы

Оңтүстік Корея хирургі ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ақтөбеде 6 ота жасады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оңтүстік кореяның атақты хирургі Чанг Хэнг Сеокамен кездесті. Ол екі күн ішінде Ақтөбеде қалқанша безінің қызметі бұзылған науқастарға 6 ота жасады, деп «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы хабарлайды.
Ақтөбе 19 Ақпан, 20:09

Айта кететін жайт, ота жасау арасында хирург науқастарға кеңес беріп, қабылдады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша дәрігер шеберлік сабағы  барысында 60-та астам түрлі аурумен ауратын адамдарды қабылдады.

«Оңтүстік корейлік хирургтің бізге келуі Ақтөбе облысының әкімдігі мен Оңтүстік Кореяның  Ганагнам Северанс клиникасымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум арқасында болды»,-деп хабарландыруда айтылған.

Меморандум Ақтөбе облысында медициналық кластерлі ірі көлемді жобаны іске асыруға бағытталған. Бұл барлық батыс Қазақстандықтар мен Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсетуге көмегін тигізеді.

«Бүгінгі күні медициналық кластерді жасау үшін біліктілігі жоғар кадрлар дайындау керек және осы мәселе бойынша біздің клиника қолдау көрсетеді деп сенеміз. Біздің дәрігерлер сіздердің деңгейлерініздегі тәжірибелерініз бен білімді алу бойынша қызығушылық танытады»,- деп кездесу барысында аймақ басшысы айтты.

Өз кезегінде, профессор Чанг Хэнг Сеока өзінің құрметін білдіріп, алдағы уақытта акқөбелік әріптестерімен тәжірибесін бөлісуге дайын екендігін айтты.

Кездесу қорытындысында, аймақ басшысы барлық Азиялық-Тынық мұхитыны аймағының медицина саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшыларының қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастыруды ұсынды. 





Яндекс.Метрика