Өңірлер

Астанада шұжық өнімдерін шығаратын цех ашылды

Астанада ет өңдеу кәсіпорындарының бірі «Апрель» ЖШС-нің ет өнімдерін және жартылай фабрикаттар шығаратын тағы да бір цехы ашылды. Өндірістік цех өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы20 Ақпан , 10:32

Мемлекеттік бағдарлама аясында берілген арзандатылған несие қаражаты есебінен жаңа цех барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Бұл ет өнімдерінің 110-нан астам түрін шығаруға мүмкіндік береді. Цехтың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 5-7 тонна немесе айына 100 тонна дайын өнімді құрайды. Алдағы уақытта өндіріс көлемін 25%-ға арттыру жоспарланған. Төмен температуралы арнайы тоңазытқыш камераларында 200 тонна ет шикізатын сақтауға болады.

Елорда әкімдігі қызметінің басым бағыттарының бірі - отандық өндірушілер тауарларының сапасын арттыру және өндірісін дамыту бойынша кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өндірістік базаны және оған жақын орналасқан жеке кәсіпкерлік объектілерін электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ететін қуаттылығы 2 мВт-тық трансформаторлық аралық станция салынды.

Цехта 150 астам жұмыс орны ашылды, өнім елорданың және көрші облыстардың базарларында сатылады.

 

 




Яндекс.Метрика