Инвестициялар

ШҚО-да екінші рет ауылшаруашылық инвестициялық форумы өтеді

2016 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін аймақта суармалы жерлерді қолданысқа беру мақсатында инвестициялық аукцион өтеді. Оның нәтижесі бойынша облыс әкімі Даниал Ахметов кезекті ауылшаруашылығы инвестициялық форумын өткізуді тапсырды. Оған отандық және шетелдік инвесторлар шақырылады, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.
Астана қаласы19 Ақпан , 20:43

Облыстық әкімдікте аймақтағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелеріне арналған кеңес өтті.

2015 жылы қала және аудандық атқарушы органдарының жүргізген түгендеу шаралары бойынша 984,3 мың га пайдаланылмай жатқан жер аумағы тіркелді, олар 2012-2014 жылдары ауылшаруашылық мақсаттарына жұмылдырылған болатын. Қолға алынған шаралар он нәтиже берді:жер пайдаланушылар 453,9 мың га өз жерлерін пайдалануға кірісті, мемлекет меншігіне 526,3 мың га жер қайтарылды, оның 403,6 мың га аумағы ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылып жүр. Жерлерді қайтару бойынша шаралар әлі жалғастырылып жатыр. Ондай шаралар Жарма, Зайсан, Зырян аудандары мен Өскемен, Риддер қалаларында жалғасын табуда.

" Егер бұл жерлер мақсатсыз пайдаланылса, оларды инвесторларға беру тәжірибесі қолданыста бар. Инвесторлар өз қаражатына жерлерді қалпына келтіріп, тиімді пайдаланады. Бүгінгі таңда 9 мың гектар жер қайтарылып алынды. Сонымен қатар мемлекет меншігіндегі жерлерге аукцион жариялап, саудаға қою маңызды. Осы ретте, 2015 жылы қала және аудандардан 92,8 млн теңгені құрайтын  940 жер учаскелері арнайы байқау арқылы ұсынылып, 230,0 млн теңгені құрайтын 142 жер учаскесі аукциондар арқылы ұсынылған болатын", - деді жер қатынастары басқарма басшысы Қонысбай Төлеубеков.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ауылшаруашылығы мақсатындағы қолданылмай жатқан жерледі мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл жерде ең басты бағыт – суармалы жерлері қайтарып алу.

"Мамыр айында суармалы және өзге жерлерді сату аукциондарын өткізіп, ал одан кейін агроөнеркәсіп кешені бойынша инвестициялық форум өткізуді ұйымдастыру қажет, – деді аймақ басшысы. – Өткен жылы инвестициялық форум жақсы нәтиже берді. Қолданылмай жатқан жерлер қайтарылып, инвесторларға берілу қажет. Өткен жылы осы бағытта Үржар және Тарбағатай аудандарының әкімдері жақсы жұмыс жүргізді. Биылғы жылы аукционға 40 мың гектердан кем емес суармалы жерлерді ұсыну қажет.

Айта кетсек, «Алтай Агро Invest» бірінші инвестициялық форумда 15 бағыт бойынша 50-ден астам инвестициялық жоба ұсынылған болатын.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика