Ұлттың денсаулығы

Трамплиннен секіру бойынша Алматыда өтетін әлем Кубогына 500-ден астам спортшы қатысады

Ағымдағы жылдың 26-шы және 28-ші ақпаны күндері Алматыда трамплиннен секіру бойынша әлем Кубогы сарапқа салынады. 17 мемлекеттен келген 500 спортшы «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде өз шеберліктерін көрсетпек, деп хабарлады Универсиаданың баспасөз қызметі.
Алматы қаласы19 Ақпан , 20:28

Айта кету керек, бұл сайыс 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға алдын ала дайындық. Әлем Кубогының жарысы ерлер арасында және әйелдер арасында өтеді. Спортшылардың жасы 16 жастан жоғары болады.

«Әлем Кубогының бұл кезеңі Алматыда алғаш рет өтіп тұрған жоқ. Аталмыш спорт сайысы жастар спортының дамуына септігін тигізеді және қаланың 2017 жылы өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындығын бір пысықтауға мүмкіндік береді»,-делінген хабарламада.

Аталмыш жарысқа 17 елден 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Австрия, Франция, Польша, Словения, Финляндия, АҚШ, Норвегия және тағы басқа ТМД мемлекеттері бар.




Яндекс.Метрика