Қазақстандағы Еуропа елшiлері Мемлекеттiк басқару академиясында дәрiс оқып жатыр

Бүгiн Қазақстандағы Норвегия, Швеция және Финляндия елшiлерi Мемлекеттiк басқару академиясының магистранттары мен докторанттары үшiн дәрiс оқып жатыр.
Нұр-Сұлтан16 Ақпан , 12:09

 ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында Қазақстандағы Норвегия Корольдiгiнiң Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Оле Йохан Бёрной, Қазақстандағы Швеция Корольдiгiнiң елшiсi Эрик Николай Камилл және Қазақстандағы Финляндия Республикасының елшiсi Илкка Унто Калерво Райсанен магистранттар мен докторанттар үшiн «Солтүстiк еуропалық ынтымақтастық: тиiмдi тұстары мен парадоксы» тақырыбында дәрiс оқып жатыр.

Дәрiс барысында елшiлер рационалды және аса тиiмдi мемлекеттiк басқару тәжiрибесiмен, адами, зияткерлiк және табиғи ресурстар туралы мәлiметтермен бөлiсіп жатыр.

«Бүгiнгi кездесудiң мақсаты – Скандинавияның мемлекеттiк басқару моделiнiң артықшылықтарына көпшiлiктiң назарын аудару. Мен бүгiнгi Солтүстiк Еуропа елшiлерiнiң дәрiсi бiздiң академияның скандинавиялық әрiптестерiмен серiктестiк қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал етедi деген сенiмдемiн», - дейдi Мемлекеттiк басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдiрасылов.

Ректордың айтуынша, Норвегия, Швеция және Финляндия әлемдiк рейтингте халықтың өмiр сүру жағдайы, сыйбайлас жемқорлықпен күрес, халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ бойынша көш бастап тұр.




Яндекс.Метрика