«Қазақстан Ғарыш Сапары» өз өнімін шығаруға кірісіп жатыр

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» (ҚҒС) АҚ жобалық басқарудан қызмет етудің өндірістік формасына өтіп жатыр, деп мәлімдеді 2015 жыл бойынша жұмыс қорытындыларының есептік кездесуінде компания президентінің м.а. Марат Нұрғожин.
Нұр-Сұлтан13 Ақпан , 12:01

Өткен жыл қазақстандық ғарыш компаниясы үшін маңызды нәтижелермен есте қалды.

М.Нұрғожиннің айтуынша, 2015 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы үкіметаралық келісімдерді ратификациялаудан кейін Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (ЖҚЗ ҒЖ) қабылдау жүзеге асырылды. Елдің мемлекеттік және жергілікті органдарына нақты қызметтер көрсетілді, ЖҚЗ ҒЖ-ны пайдалану үшін бюджеттік бағдарламаға қолдау көрсетілді, ішкі нарыққа да, бүкіл әлемге де 14 дистрибьюторлық келісім орнатылған.

«Ең бастысы, біздің мамандар ЖҚЗ ҒЖ-нің жердегі сегментімен өздігінен басқару және ғарыш аппараттарын пайдалану бойынша бағаланбас тәжірибе алды», - деп атап өтті компанияның басшысы.

Компанияның төрт жобаның үшеуін франциялық серіктестермен бірге іске асырып отырғанын есепке алғанда, жұмыс барысына әлемдік дағдарыс үлкен әсер еткен. Осыған қарамастан, ҚҒС мен ADS-тің жемісті ынтымақтастығы жалғасуда.

«ҚҒС» ҰК» АҚ-ның 2016 жылға жоспарлары қисынды. Бұл бюджеттен тыс инвестициялардың аясында Ұлттық ғарыш орталығының 2-ші кезегін салу. KazSar радар серігін құру бойынша болашағы зор жобаларды жалғастыру, «Днепр» бағдарламасына қатысуды нығайту.

2016 жылғы негізгі міндеттер туралы айта келе, Марат Нұрғожин өндірістік қызмет, маркетингтің күшеюі және қызметтердің ұсынылуын есепке ала отырып, компания ЖҚЗТ ҒЖ қызметтерінен 2 млрд. астам теңге көлемінде пайда табуды жоспарлап отыр. 

 




Яндекс.Метрика