Парламент

М.Амантаева: Еліміздің заң шығару саласына жас шығармашыл кадрлар қажет

ҚР Парламент Мәжілісіндегі креативті кадрлер еліміздің заң шығару саласында өрбіп жатқан мәселелерге шешім таба білетін болады, деп ҚР Білім және ғлым қызметкерлер кеңесінің төрағасы Майра Амантаева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 17:49

«Ең бастысы-бұл тұрақтылық пен келісім. Келісіс мен тұрақтылық болған жағдайда экономикаа мен жалақының өсуі байқалады. «Нұр Отан» саяси партиясы өзінің бағдарламасын айтып өтті. Бағдарламаның бірінші кезеңін орындап шықты. Біз жаңа құрамға жастарды ұсынғандарына қуанамыз. Өйткені біздің елімізде көптеген креативті жастар саны өте көп және біздің жас ұрпақ болашаққа ұмтылуда»,-деді М.амантаева.

Оның айтуынша, жас креативті адамдар жаңа заңнамаларға көмек көрсете алып, жаңа көзқарастар мен жаңа идеяны айтады.

«Сайлауға ұсынылған креативті кадрлар заң шығару саласында орын алған көптеген мәселелерді шеше алады»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 қаңтар айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өткізілді. Съезд барысында сайлауалды бағдарлама қабылданып,  ҚР Парламент Мәжілісінінде 2016 жылдың 20 наурызында болатын сайлауға партия атынан кандидаттар тізімі бекітілді.

Индира Қауметова

Фото: bilimdinews.kz сайтынан

 





Яндекс.Метрика