Парламент

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі ұсынылды

2016 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 127 адам енгізілген «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі тіркеу үшін ұсынылды, деп ОСК баспасөз қызметінде хабарлайды.
Астана қаласы30 Қаңтар , 15:50

Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімді саяси партияның өкілі «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XVII съезінің хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде тапсырды, деп хабарлануда айтылған

Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған.

Партиялық тізімді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынылды:

1. саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XVII съезінің хаттамасынан үзінді көшірмесі;
2. партиялық тізімге енгізілген азаматтардың тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері;
3. партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның өмірбаяндық деректері;
4. салық органының партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалары;
5. партиялық тізімге енгізілгендердің «Нұр Отан» партиясында мүшелегін растайтын құжаттар.

Сайлау заңнамасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санының 7 пайыздан артық дауысын алғандықтан, сайлау жарнасын енгізуден босатылады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика