Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Э.Алили: Түркілер руна жазуын 2500 жыл бұрын қолданған

Осы жылы Қазақстан егемендігінің 25 жылдығын тойлауда. Тәуелсіздігіміздің басты символдарының бірі Есік қорғанынан табылған алтын адам. Белгілі болғандай, археологтар онымен бірге Түркі әлеміндегі құнды артефактіні тапты. Бірқатар ғалымдар бұл жазуды түркілер жазды деп есептейді. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында әзірбайжан тарихшысы, түрколог, лингвист Эльшад Алили айтты.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 16:29

- Құрметті,  Эльшад-муэллим, Есік қорғанынан табылған хаттың өзіндік нұсқасын айтып жіберсеңіз?

- Есік қорғанының екіжақты таңбалары ежелгі түрік руналық әліпбиінде кездесінде бар. Бірақ, Есік жазуы Орхон-Енисей жазуларынан  мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ежелгі түрік жазуларына қарағанда Есік хаты буынды оқуға тең. Есік жазуының 10-нан астам оқылу варианты бар. Мен өзім бірнеше оқылу түрлерін қарастырдым. Оның көптеген нұсқалары дұрыс емес. Бұл авторлардың көп бөлігі ежелгі түрік жазуы бойынша лексикалық дұрыс қамтылмаған. Мәтіннің құрылуында нақтылық жетіспей жатады. Сондықтан, оның оқылуында түсініксіз сөздер, мағыналар кетіп жатады. Тек санаулы авторлар ғана Есік хатының фонетикалық вариацияларын әірлей алды. Олардың ішінде ең дұрыс варианттардың бірі қазақтың ғалым-түркологі Алтай Аманжоловтың еңбегі бар. Ежелгі руналық мәтіндерден Есік хатының айырмашылығы бөлінген белгілер. Барлық жазбалар бірге жазылады. Сол жағынан аса қиындықтар туып жатады.

Қаріптердің барлық құрамы мен аудармаларын өз мақаламда атап өткен болатынмын.  Ол қаңтарлық «Мәңгілік ел» журналынның 2014 жылы шыққан нөмірінде жарыққа шықты.

- Сіз Қазақстан тарихындағы осы мағлұматқа неліктен ерекше тоқтадыңыз?

- Айта кетерлігі, бұл Қазақстан тарихы үшін ғана маңызды емес, ол ортақ жалпытүріктік тарихқа маңызды. Кез келген түркіге тән  артефакт географияға қарамастан ортақ түріктік құндылық болып есептеледі. Ежелгі түрік руналық жазу Моңғолия мен Балқан-Қарпат аймағында бар. Оның бөліктерін мен Әзірбайжаннан да кездестірдім. Бұл біздің ортақ мұрамыз. Оған барлығы қастермен қараулары керек. Есік қорғанынан табылған жазу 2500 мың жыл бұрын пайда болған. Ол Орхон-Енисей жазуларынан да көне болып есептеледі.

- Сіздің пікіріңізше, Қазақстан  мен өзге түркі елдері үшін бұл құндылық қаншалықты үлкен мәнге ие?

- Аталмыш хат барлық түркі тарихына өте маңызды болып келеді.Біріншіден, руна жазуымен ежелгі түріктер 2500 жыл бұрын қолданғанын айтып өттім. Ол арамей жазуларымен байланысты емес. Екіншіден, түркі жазуы ойлағандай қиын емес. Барлық сөздер VI-X ғасырдың жазуында кездеседі.

- Сақ тайпалары Қазақстанның көне тарихына тиесілі деп те айтады. Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланды, сонымен қалай байланыстырар едіңіз?

- Әрине. Ежелші сақ тайпалары түркілердің өмір сүруімен тығыз байланысты. Мәселен, Әзірбайжанның сақ тайпалары түркілердің ежелгі жерінде мекен еткен. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған.Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. «Қазақ» деген аттың шығу тегі туралы көптеген ғылыми деректер бар. Солардың көпшілігі ХІІІ-XIV ғасырлардағы араб-түркі ғалымдарының, әдебиетшілерінің, саяхатшыларының жазба мұралары болып есептеледі. Бұларда түркі халықтарының, әсіресе қыпшақтардың, ру-тайпаларға бөлінуі, олардың тіл ерекшелігі туралы мағлұмат береді. Ең алғаш «қазақ» деген сөз қыпшақ тілінде кездескенімен, этникалық терминді білдірмейді.Түркіше-арабша сөздікте» «қазақ» жеке жүрген кісі деген мағынада қолданылады. Қазақ сөзі араб тілінде «сылай-салтаң, салт басты», «жеке басты» немесе «оқшау жүрген адам» деген мағынаны бідіру үшін жұмсалады. М.Т.Хаутсма баспасының 86-бетінде  бұл сөз неміс тілінде «кезбе», «қыдырымпаз», «көшпелі» деген мағынада берілген. Демек, «қазақ» сөзі кең даланы кезіп, еркін өмір сүрген кісіге қолданылады. Қазақтың этногенезін зерттеп жүрген тарихшылар да бұл пікірді жақтайды. А.Вамберидің, В.В.Бартольдтың, А.Левшиннің, Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінде «қазақ» деген этникалық атау «қонысын аударған отырықшы», «шала отырықшы ұлыстар (тайпалар)» деген мағынада аталатынын сөз етеді. Көптеген тарихи және лингвистикалық еңбектерде қазақ атауы қырғыздың синонимі сияқты болып қолданылады. 

-Қызықты сұхбатыңызға рақмет.

Данияр Қасымов





Яндекс.Метрика