Парламент

Ә.Құсайынов: Мәжілістің құрамына қазіргі заманға сай қызметкерлерді алуы керек

Жаңартылған Мәжіліс өзінің құрамына қазіргі заманға сай ойлайтын қызметкерлерді алу керек, деп ҚР Кәсіподақ құрамасының төрағасы Әбілғазы Құсайынов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 19:00

«Өте маңызды съез өткізілді. Съез кезінде 4-5 жұма бұрын талқыға салынып жатқан өзекті мәселелер қозғалды. Міне, көптен күткен жаңа кандидаттардан құралған жаңа тізім шықты.»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, жаңартылған Мәжіліске заңгерлер, экономисттер келгені өте маңызды.

«Бүгінгі күні экономикалық дағдарысты ескере отырып, нормативті-құқықтық негізді дамытуымыз кере. Елімізде болып жатқан мәселелерге тез арада шешім таба білуіміз керек. Оған экономика жағдайы да кіреді. Осылардың барлығын ескере отырп, «Нұр Отан» партиясы тарапынан басқарушы депутаттық корпустың негізгі бөлігі мен креативті кадрлар заңнамалық салада болып жатқан мәселелерге шешім таба біледі деген сенімдемін»,-деді А.Құсайынов.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 қаңтар айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өткізілді. Съез барысында сайлауалды бағдарлама қабылданып,  ҚР Парламент Мәжілісінінде 2016 жылдың 20 наурызында болатын сайлауға партия атынан кандидаттар тізімі бекітілді.Парламент Мәжіліс депутаттығына  барлығы партия тізімінен 127 адам шықты. Олардың ішінде атақты республикалық саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортсмендер мен актерлер.

Индира Қауметова

Фото: azh.kz сайтынан

 





Яндекс.Метрика