Парламент

А.Мұсақожаева: Әрбір қазақстандық еңбек етіп, елінің дамуына ықпал етуі тиіс

Әрбір қазақстандық еңбек етіп, елінің дамуына ықпал етуі тиіс, деп Қазақстан ұлттық өнер университетінің ректоры, ҚР хылық әртісі Айман Мұсақожаева Strategy2050.kz АА берген эсклюзивті сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 15:34

«Съез барысында Елбасының айтқан үндеуі қазіргі күні өзекті болып келеді. Президент тапсырма қойды. Ендігі күні сол тапсырманы орындауға кірісуіміз керек. «Нұр Отан» партиясының барлық мүшелеріне ерінбей еңбек етіп, елдің дамуына одан әрі үлес қосу керек. Бұрындары біз мұнай, түсті металдар есебінен өмір сүрсек, ендігі күні әрбіреуіміз еңбек етіп, елдің дамуына ықпал етуіміз керекпіз»,-деді А.Мұсақожаева..

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 қаңтар айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өткізілді. Съезд барысында сайлауалды бағдарлама қабылданып,  ҚР Парламент Мәжілісінінде 2016 жылдың 20 наурызында болатын сайлауға партия атынан кандидаттар тізімі бекітілді.

Анар Тәңірқұлы





Яндекс.Метрика