Парламент

М.Бегентаев: Мәжілістің жаңартылған құрамына тексерілген, әртүрлі санаттар мен салалар өкілдері қажет

Мәжілістің жаңартылған құрамына тексерілген, әртүрлі санаттар мен салалар өкілдері қажет. Бұл жөнінде ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының экс-депутаты Мейрам Бегентаев Strategy2050.kz АА берген сұхбаында айтып өтті.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 18:03

«Басысы- кәсібилік сапасы, Мәжілестің жаңартылған құрамына тексерілген, әртүрлі санаттар мен салалар өкілдері қажет. Бұл маңызды аспект»,-деді экс-депутат.

Оның айтуынша, шоу-бизнесте  жүрген адамдар да депутаттық орында жұмыс атқара алады.

«Өз айналасында қандайда бір жетістікке жеткен адамдар, өз маманының шебері болып келеді. Дарынды адам-барлық істе талантты болып келеді. Біз бұл жерде олардың мамандықтарын ғана қарастырмай, адамның мінездемесіне де көңіл бөлуіміз керекпіз»,-деді ол.

Экс-депутаттың айтуынша, депутаттық мандат- уақытша сенім кепілдемесі.

«Қазіргі күні «Нұр Отан» партиясы қандай адамдар керек, олардың жеке қасиеттері мен жұмыс нәтижелерін қарастыру үстінде. Партия мені экономикалық бөлімге жіберуді, және мен оға қуаныштымын»,-деді ол.

Сондай-ақ, пария съезінде Мемлекет басшысы экс-мәжілісмендер атқарушы қызметке жұмыс істеуге  барады деп айтып өтті.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 қаңтар айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өткізілді. Съезд барысында сайлауалды бағдарлама қабылданып,  ҚР Парламент Мәжілісінінде 2016 жылдың 20 наурызында болатын сайлауға партия атынан кандидаттар тізімі бекітілді.

Индира Кауметова

Фото: radiotochka.kz сайтынан

 





Яндекс.Метрика