Парламент

О.Жұмабеков: «Нұр Отан» партиясының жаңа бағдарламасы -Ұлт жоспарын іске асырудағы тиімді жол

«Нұр Отан» партиясының қабылданған жаңа бағдарламасы Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тиімді іске ассыруға септігін тигізеді. Бұл жөнінде ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты Оналсын Жұмабеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 17:03

«Кез келген сайлау-жаңартылудың жолы. Менің айтқым келгені, бүгінгі Мәжіліс құрамы өз жұмыстарын ойдағыдай атқарып шықты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бесінші шақырылым депутаттарының жұмысына жақсы баға берді және Үкіметпен бірге Ұлт жоспары «100 нақты қадамын» іске асыру мақсатында заңнамалық жобалар қабылданды»,- деді экс-депутат.

О.Жұмабековтың айтуынша, өмір әрдайым қозғалыста келеді. Жаңа қиындықтар, жаңа жұмыстар туындап отырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің құрылымына өзгешелік әкелуге итермелейді.

«Бізде нақты тапсырмалар мен бағыттар бар. Менің ойымша «Нұр Отан» партиясының жаңа бағдарламасы «100 нақты қадамды» іске асыруға тиімді жол болып, Мәжілістің жаңа құрамы белсенді жұмыс атқарады деген сенімдемін»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 қаңтар айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өткізілді. Съезд барысында сайлауалды бағдарлама қабылданып,  ҚР Парламент Мәжілісінінде 2016 жылдың 20 наурызында болатын сайлауға партия атынан кандидаттар тізімі бекітілді.

Индира Қауметова

Фото: time.kz сайтынан

 





Яндекс.Метрика