Парламент

Н.Кузьмин: «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі –Қазақстанға таныс көрініс

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі –Қазақстанға таныс көрініс. Бұл жөнінде ҚР Парламент Жаңартылған Мәжіліс өзінің құрамына қазіргі заманға сай ойлайтын қызметкерлерді алу керек, деп ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының экс-депутаты Николай Кузьмин Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 15:03

«Менің ойымша «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі бәріне таныс көрініс. Өйткені депутаттар әлемде орын алып жатқан экономикалық жағдайға орай заңдармен толық жұмыс істеді. Қазақсанға дағдарыстың да бір шеті тиді. Сол себепті Укімет осы жылы жұмысты жаңа бағдарламамен бастау мақсатында, біз көптеген заңдарды жаздық»,-деді экс-депутат.

Сонымен қатар, депутаттың айтуы бойынша сайлау халықтың сенімділігін нығайта түседі.

«Менің ойымша, сайлаудың арқасында  халық сенімділігі мен Президен бағдарламасын  нығайтып, алға қойған тапсырмалардың шешімін таба білетін боламыз. Біз бір топ болып халық үшін еңбек етуіміз керек»,-деді ол.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 қаңтар айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өткізілді. Съезд барысында сайлауалды бағдарлама қабылданып,  ҚР Парламент Мәжілісінінде 2016 жылдың 20 наурызында болатын сайлауға партия атынан кандидаттар тізімі бекітілді.Парламент Мәжіліс депутаттығына  барлығы партия тізімінен 127 адам шықты. Олардың ішінде атақты республикалық саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортсмендер мен актерлер.

Индира Қауметова

Фото: ortcom.kz сайтынан

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика