Парламент

Ғ.Қасымов: «Нұр Отан» партиясынан актерлер мен спортсмендердің кандидатураларын ұсынуы демократияның белгісі болып табылады

«Нұр Отан» партиясынан актерлер мен спортсмендер кандидатурасын Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсыну Қазақстанда демократияның бар екендігін білдіреді, деп «Атамекен» ҰПК кәсіпкерлерді қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 14:02

 «Айта кететін жайт, «Нұр Отан» партиясы көптеген спортсмендер мен актерлер кандидатурасын ұсынуы біздің елімізде толығымен демократия орын алғандығын білдіреді. Бізде елімізде әр бір адам өзін ұсынуға құқылы. Біз өз еліміздің азаматтарымыз, және қандай мамандықты бітіргеніміз маңызды емес. Актерлер мен спортсмендер өздеріңіз білетіндер аз уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жетіп жатады, осындай қадамдар кей кездері Парламентке жатпей жатады» ,-деді Ғ.Қасымов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 29 қаңтар айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII кезектен тыс съезі өткізілді. Съезд барысында сайлауалды бағдарлама қабылданып,  ҚР Парламент Мәжілісінінде 2016 жылдың 20 наурызында болатын сайлауға партия атынан кандидаттар тізімі бекітілді.

Анар Тәңірқұлова





Дерекнама

Яндекс.Метрика