Парламент

ОСК баспасөз орталығы БАҚ өкілдеріне ҚР сайлау туралы Конституциялық заңымен танысуға кеңес береді(ЭКСКЛЮЗИВ)

ҚР Парламент Мәжілі мен маслихат депутаттарының мерзімінен бұрын болатын сайлауына орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанында баспасөз орталығын құруда. Біздің тілшіміз ОСК баспасөз орталығының жұмысын бақылап, хабарлауда.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 16:02

Баспаөз орталығында журналистерге жұмыс істеуге барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған. Орталық жаңа техникамен, компьютер, интернет, байланыс телефондарымен жабдықталған. Журналистер жұмыс барысында тамақтануға үлгермейтін себебінен, баспасөз орталығында кофе-брейк ұйымдастырылған.

«Бұл жұмыстың барлығы БАҚ өкілдерінің ыңғайына жасалды. Біз журналистер қауымын сайлау туралы жаңалықтарды хабарландыруға шақырамыз»,-деп ҚР ОСК баспасөз хатшысы Венера Жексембекова орталықтың ашылу салтанатында айтып өтті.

Әр күн сайын орталыққа сайлау науқаны бойынша көптеген сұрақтар мен өтініштер келіп жатады. Бұған баспасөз қызметтері жедел түрде жауап беруге тырысады. Бүгін Венера Жексембекова журалистер қауымының басты адамы болды. Өйткені ол ОСК болатын барлық шаралармен хабарландырады. Өздеріңіз білетіндей ОСК 2016 жылдың 20 қаңтарында бесінші шақырылым Мәжіліс депутаттарын тарату мен Парламенттің төмеңгі палатасына мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы қабылданған Елбасының қаулысына өткізілетін шараның кестелік жоспарын жасады.

Бүгін, демалыс күніне қарамастан баспасөз орталығы жұмыс істеуде. Мен Венера Абыханқызынан қандай сұрақтар түсіп жатқандығы жөнінде сұрастырдым.

-Қазақстанда түрлі БАҚ өкілдері бар. Әрбір басылым жаңалықты жедел түрде бергісі келеді. Көбінесе маған Орталық сайлау комисссиясы мүшесімен эксклюзивті кездесуді ұйымдастыруды өтінеді. Біз баспасөз қызметі ретінде бізге келген өтініштерді өз құзіретіміз бойынша жедел түрде орындауға тырысамыз.

- Сайлау туралы тақырып барлығына белгілі. Бұдан басқа тағы қандай сұрақтар келіп жатады?

-Айта кететін жайт, көбісі сайлау науқанының кезеңін анықтап жатады. Мен әріптестерімен ҚР Коституциясымен танысуға кеңес беремін, сондай ақ ҚР сайлау туралы Конституциялық заңыммен танысуына кенес беремін. Сондай-ақ баспасөз ортлығына келген журналитсер әдістемелермен таныса алады. ОСК қатысушыларымен 8 ақпараттық плакаттар мен 14 методикалық әдістемелер, жадынамалар мен басқа да ақпараттық-анықтама материалдар әзірленді.

Баспасөз орталығының қызметкерлері әр сағат сайын жаңалықтар жолағына мониторнг жұмысын жүргізеді. Ал телеарналардығы жаңалықтарына арнайы қызметкерлер бекітілген.

Бірнеше жұмадан кейін, барлық партиялар съездерін өткізіп болғаннан кейін, ОСК Парламент Мәжілісі депутаттығана партиядан кандидаттарын ұсынатын болады. Бұл кезде баспасөз қызметінің жұмысы, сондай-ақ журналистердің жұмысы екі есеге көбейеді.

Қазір, халықаралық ұйымдар, олардың ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы, және Түркітелдес мемлекеттің кеңес ынтымақтастығы ҚР Сыртқы істер министрлігіне ауызша түрде сайлауға бақылаушы болғылары келетіндіктерін айтып өтті.

Сонымен қатар, ҚР ИДМ шет елдік БАҚ –тың 96 өкілдерінің тізімін берді. БАҚ өкілдерінің аккредитациялануы таң қалдырарлық жағдай емес.

Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен бейресми сұхбаты кезінде «Қазақстан- ашық экономикасы бар әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. 2015 жылдың негізгі оқиғаларының бірі болып Қазақстан мен Еуропа одақтары арасында әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қою және біздің еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі болып келеді» деп айтып өтті..

Әрине, осындай тарихи оқиғалар шет елдік сарапшылар мен БАҚ өкілдерін парламенттік сайлауға келуге септігін тигізді.

Strategy2050.kz АА ҚР Парламент Мәжіліс мен мәслихатының сайлау науқанына орай  жедел түрде сұхбаттар мен ақпарат беруге жұмыс жасауда.

Ботагөз Айтжанова

Автордың суреті

 





Яндекс.Метрика