Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Алдағы 5 жылда Қазақстанды елдің қайта жаңаруы бойынша жұмыс күтіп тұр – ҚХА мүшесі

Алдағы 5 жылда Қазақстанды елдің қайта жаңаруы бойынша жұмыс күтіп тұр, деді ОКҚ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Гүлнәр Өтепова.
Астана қаласы30 Қаңтар , 12:01

«Мен кеше «Нұр Отан» партиясының   кезектен тыс  17-ші съезіне қонақ ретінде қатыстым. Мен Елбасының баяндамасынан тағы бір мәрте тамсандым. Алдағы 5 жылдық даму  тағдырымызды анықтап берді. 21 ғасырда біз тұрақтылыққа, шыдамдылықтың сынағынан өтеміз. Бірлік, тұрақтылық сынды ұғым ҚХА мүшесі ретінде өте жақын», - деді Г.Өтепова.

ҚХА мүшесі айтып өткендей, Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмалардың барлығы халық бірлігіне бағыталған.

«Бар қазақстандық халық тұрақты, тыныш, гүлденген елде өмір сүргісі келеді. Бұл қасеттер, ана, бала, апа ретінде бар қазақстандықтарға жақын. Елде бірліктің болу ыөте маңызды. Біздің Президент 30 дамыған ел қатарына ену бойынша мақсатты алға қойды. Қазақстандықтарда «Қазақстан -2050» ұзақмерзімді даму стратегиясы, «Нұрлы жол», Ұлт жоспары  бар. Қазақстандықтарда ең  басты аталмыш жобаларды жүзеге асыруға  талпыныс,еркіндік қалау бар», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика