Ұлт жоспары 100 нақты қадам

А.Әбуов: «Нұр Отан» партиясы Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру үшін бар күшін жұмылдыруы қажет

«Нұр Отан» партиясы Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру үшін бар күшін жұмылдыруы қажет, деді ОКҚ-да Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Айдар Әбуов.
Астана қаласы30 Қаңтар , 11:45

«Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге ие. Бұл орайда  «Нұр Отан» партиясы электоральді кезеңде нақты мақсаттар қойып отыр. Бұл бағыттардың ішінде 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру мақсаты тұр. Бұл орайда алғашқы қадамдар жасалды, енді «Нұр Отан» мақсаттардың нақты болуын жүзеге асыру қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан әрі қарай ауыл шаруашылығын дамытуы керек, себебі ол ел экономикасының негізі.

«Агроөндірістік кешенді дамытуымыз тиіс, бұл орайда резерв айтарлықтай бар. Қазақстанның суармалы жерлері өте көп, бұл салада мүмкіндігі жоғары. Бұл біздің экономиканың маңызды трендтерінің бірі», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика