ҚР ИИДМБ

Алматы қаласы бойынша индустриаландыру картасына 4,4 млрд теңге қаражат көлемінде 3 жоба кірді

Аймақтық координациялық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша индустриаландыру картасына 4,4 млрд теңге қаражат көлемінде 3 жоба кіріп, 485 жұмыс орнын құрды, деп қалалық кәсіпкерлер мен индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз-қызметі хабарлайды.
Алматы қаласы30 Қаңтар , 13:04

Осылайша, жалпы жобалар саны Индустриаландыру картасының 2015-2019 жж  екінші бесжылдық жоспарына 49 нысана кірді. Олардың жалпы соммасы 117 млрд теңгені құрады. Яғни 9376 жұмыс орнын құрды.

«Ең бастысы Алматы қаласы бойынша индустриализациялау картасына жаңа жобаларды қабылдау жұмысы жиі жүргізіліп тұрады. Карта қатысушылары жан-жақтан көмек алып тұрады. Олар, жобаға бағыт көрсету, инфрақұрылымдық сұрақтарды шешу,өнімді шығаруда қолдау көрсету және т.б.»,-деп хабарлануда айтылған.

Айта кететін жайт, 2 бекітілген жоба Түркісіб ауданында іске асырылатын болады. 1-уі-Наурызбайда. Осылайша Түркісіб ауданында жоғары «Kazakhstan De Li Optoelectronics»ЖШС светодиод өнімін шығаратын зауыт жұмыс істейтін болады. Жоба ҚҰР бірге іске асырылып 4 млрд теңгені құрады. Кеше жұмыстың бірінші жолағы іске қосылды.

Сондай-ақ, Түркісіб ауданында 3D көшіру технологиясы мен  «Алматыэнергосервис»ЖШС басып шығару  аясында  балаларға арналған прототипирлендірілген орталық ашылатын болады. Және Наурызбай ауданында «Альянс» ЖШС өнімдік-қойма құрылымстары мен іске асып жатқан өнімдерді модернизациялау бойынша  құрылысты бастайды.

 




Яндекс.Метрика