Парламент

А.Сақыпкереев: СҚО-да Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дайындық белсенді жүруде

Облыста Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дайындық белсенді жүруде, деді Солтүстік Қазақастан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Солтүстік Қазақстан 30 Қаңтар, 12:36

«2016 жылдың 20 наурызында өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауына дайындықтың негізгі шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, комиссия мүшелерімен түсіндірме жұмыстар жүргізілуде. Алдағы аптада аталмыш семинарларды аяқтаймыз, Петропавлда ол 2016 жылдың 4 ақпанында аяқталады», - деді А.Сақыпкереев.

Сондай-ақ, облыстық, аудандық және қалалық газеттерде сайлау учаскелерінің шекаралары туралы жарияланады.

«Учаскелік комиссиялардың саны 697, округтық комиссия – 217 және өңірлік – 15. Сайлауға 929 комиссия тартылды. 2016 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, сайлаушылар  тізімі 391 963 адамды құрады. Сайлаушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар қарастыруда. Меніңше, оларға түзетулер енгізіледі. Жалпы, облыста сайлауға белсенді дайындық жүруде», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Сурет жеке мұрағаттан алынды

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика