Парламент

Б.Аяған: Алдағы Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауында бәсекелестік жоғары болады

Алдағы 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауында бәсекелестік жоғары болады, деді ҚР БҒМ жанындағы тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 11:23

«Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде демутаттық кандидаттар тізімі 60 пайызға жаңарғандығын айтты. Құрам айтарлықтай жасарды. Бұл сан қазіргі жағдайға сәйкес деп ойлаймын. Мәжіліске сондай-ақ, экономиканы жақсы білетін адамдар қажет. Парламент құрамына барлығына тың идеямен қарайтын жастар қажет. Кандидаттар тізімінде Анар Жайылғанова, Светлана Бычкова сынды экономиканы жетік білетін адамдар бар. Парламент Мәжілісінде өте танымал адамдардың да болуы мұмкін. Мәселен, Илья Ильин, Серік Сәпиев», - деді Б.Аяған.

Институт директоры айтып өткендей, 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауында  жоғары бәсекелестік болады.

«Электоральді алаңда аса бәсекелестік байқалмайды. «Ақ жол» да бірқатар білімді азаматтарды ұсына алады. Меніңше, «Нұр Отан» партиясы жеңіс біздікі еп жайбарақат жүрмеуі керек. Бүгіннен бастап сайлау науқанымен айналыса беруі керек», - деді ол.

Айта кетейік, 29 қаңтарда Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен  өтті.

Анар Тәңірқұлова

Фото: inform.kz





Яндекс.Метрика