Парламент

А.Абдуллаев: Қазақстандағы мерзімінен бұрын сайлау – маңызды оқиға (ЭКСКЛЮЗИВ)

Әлемде энергия тасымалдаушыларға баға құлдыраған кезде Қазақстан реформалардың кезеңін уақытында бастады, ол елдің сайлау органдарына Мәжіліс пен мәслихаттарға қатысты болғаны да орынды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Түрік жастарының халықаралық ұйымының төрағасы, депутаты Милли Меджилиса (Әзірбайжан) Акрам Абдуллаев.
Әлемде 30 Қаңтар, 09:13

«Заманауи өркениетті дамыту ақпараттық технологиялардың даму кезеңінде жүзеге асуда. Бұл үрдіс барлығымызды жақындастыра түсті. Сондықтан да мыңдаған шақырымда болып жатқан оқиғалар алыс сияқты көрінбейді. Біз Әзірбайжандықтар бауырлас ретінде сіздердің елдің дамуын бақылап отырамыз. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өзінің құндылықтарын жоғалытп алмай, ең жақсы қасиеттерді жинап алды. Әлемде энергия тасымалдаушыларға баға құлдыраған кезде Қазақстан реформалардың кезеңін уақытында бастады, ол елдің сайлау органдарына Мәжіліс пен мәслихаттарға қатысты болғаны да орынды. Бұл бастаманы Президенттің қолдағаны да соны байқатып отыр. Бұл бастамаға қолдау көрсетіп Нұрсұлтан Назарбаев барлық билік органдары бірыңғай екенін байқатты», - деді ол.

Оның айтуынша, депутаттық корпустың жаңаруы Қазақстанды жаңғыртып, стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

«Сайлаушылар мен саяси күштер, барлық мемлекеттік басқарудың құрылымдары сайлау өткізуге белсенді қатыспақ. Қазақстанның белсенділігінен қоғамның Парламент пен мәслихаттардың құрамының жаңаруына әсер етеді. Елдің 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы Қазақстан үкіметіне болашақта реформалар өткізіп, қоғам күшіне негізделуге мүмкіндік береді. Сайлау науқанында мемлекет сайлауды жоғары деңгейде өткізуге барлық жағдайды жасайды. Демократиялық, ашықтық және заңдылық елдің барлық қоғамдық-саяси өкілдеріне елдің қалыптасуына әсер етеді. Жаңарған Мәжіліс тиімді еңбек етіп, елдің дамыған 30 елдің қатарына қосылуға ықпал ететіндігіне сенімдімін», - деді сарапшы.

Данияр Қасымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Яндекс.Метрика