Басқару

Н.Әлімжанов: Уақытымның көп бөлігін саясатқа арнайтын боламын

Уақытымның көп бөлігін халық игілігі үшін саясатқа жұмсайтын боламын, деп әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 19:17

«Болашақта депутат бола отырып шығармашылықпен айналысуға болады. Мен мүлдем өнерді тастап кетемін деп айта алмаймын. Мен шығармашылығымның арқасында танылдым. Қазіргі күні халық арасында киноға түсу арқасында танылдым. Саясат, әрине көп уақытты талап етеді, сол себепті уақытымның көп бөлігін халық игілігі үшін саясатқа жұмсайтын боламын. Сол үшін уақыт табамын. Сонымен қатар, уақыт тауып өзімнің жеке концертімді де беріп қалармын»,-деді ол.

Басқаша айтқанда, төмеңгі палата жұмысы әнші әрі актерге кедергі бола алмайды. Ол депутаттық жұмысты шығармашылықпен бірге алып жүрмекші.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика