Басқару

Э.Паули: Павлодар облысының жастары қазақстандықтар алдына қойылған бағдарламаларды жүзеге асыруға атсалысады

Павлодар облысының жастары қазақстандықтар алдына қойған бағдарламаларды жүзеге асыруға атсалысады, деді Павлодар облысының ҚХА жастар ұйымының үйлестіру кеңесінің төрағасы Элина Паули Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы29 Қаңтар , 18:24

«Съезд маңызды мақсаттарды алға қойды –  қазақстандықтар алдында тұрған  бағдарламаны қоғамдық күш арқылы жүзеге асыру», - деді ол.

Оның айтуынша, алдағы сайлауға дайындық белсенді жүруде.

«Біз белсенді жастарды, белсенді халықты тартуға тырысамыз. Бүгін мен үшін «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің құрамына ену кенеттен болды», - деді ол.

Айта кетерлігі, Э.Паули мен партияның 7 өкілі бірауыздан партияның саяси кеңесіне енді.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика