Адами капитал

Қазақстандық армия үшін жаңа резервті оқыту басталды

Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Алматы әскери-техникалық мектебінің филиалына оқуға түсу үшін үміткерлерді іріктеу өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 29 Қаңтар, 19:34

 «Атқыш» мамандығына оқытылатын 90 адам іріктеліп, олар қазақстандық армияның әскери-оқытылған резервінің санына кіреді.  Әскери іс негіздері мен өзінің әскери мамандығын бозбалалар 40 күн бойы меңгереді. Одан кейін барлық үйренушілерді «қатардағы жауынгер» алғашқы әскери атағын табыстай отырып, әскери ант қабылдайды. Әскери-техникалық мектепте «атқыш» біліктілігі бойынша дәріс алғандығы сертификатпен расталады.

Әскери-оқытылған резерв ретінде әскери-техникалық мектепті бітірген азаматтар ҚР ҚК-де әр бес жыл сайын өткізілетін әскери жиындарға тартылады. Бүгінде ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінде әскери мамандықтарға дайындықтан денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер, әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды 22 мен 27 жас аралығындағы азаматтар, оның ішінде шақырылуға кейін шегерілгендер өте алады. 

Бұл ретте Алматы қаласының ҚІЖД айтып өткендей, ақылы негізде оқуға ниет білдіргендердің санына отбасы жағдайы бойынша шақырылуға шегерілгендер, некеде тұрғандар және бір және одан да көп балалары барларға құқық беріледі. 22 мен 27 жас аралығындағы азаматтардың да құқығы басым. Өткен 2015 жыл бойынша қазақстандық армияның резерві 758 адамға толықтырылғанын айта кеткен жөн. 


 

 





Яндекс.Метрика