Ұлттың денсаулығы

Отандық компаниялар Риода өтетін олимпиаға қатысатын спортшыларға киім тігеді (ФОТО)

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI жазғы олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшылардың спорттық киіммен жабдықталуына орай арнайы құрылған комиссияның отырысы өтті.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 18:59

Ведомствода хабарлағандай, комиссияның шешімімен бастапқыдан аталған мақсаттағы мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларға беру жөнінде шешім қабылдаған, осылайша өзіміздің өндірушілерді қосымша жұмыспен қамтысақ, екіншіден

Қазақстандық тауарлар үлесінің артуына сеп болмақ. Отырыста жалпы  талаптар, эскиздер мен отандық киім өндірушілердің ұсыныстары ортаға салынды. Естеріңізге сала кетейік бұған дейінгі Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарына барған спортшылардың киімін өзіміздің отандық компания әзірлеген болатын.

Комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов сынды танымал спортышалр мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Ұлттық олимпиада комитеті мен тәуелсіз дизайнерлер мүше болды. Комиссия мүшелері киімнің сапасы, тігіс сапасы, дизайны жөнінде қызу пікірталасқа түсті, себебі ең бастысы киімнің спортшылар үшін ыңғайлы болуы өте маңызды.

 

 





Яндекс.Метрика