Халықаралық интеграция

Қазақстандық 60-тан астам компания Иранда өтетін бизнес-миссияға қатысады

60-тан астам отандық компания 2016 жылдың 6-8 ақпан аралығында болатын Исламдық Иран Республикасының бизнес-миссиясына қатысады, деп Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз-қызметі хабарлайды.
Астана қаласы29 Қаңтар , 18:41

Бұл Ислам Республикасынан санкцияны алғаннан кейінгі қазақстандық бизнес-қауымдастықтың бірінші ірі екі күндік сапары болып келеді.

Қазақстандық кәсіпкерлер келесі саланы таныстырады: ауылшаруашылық, мұнай кен, мұнай-химия, металлургия, машина жасау және логистика.

«Алда болатын шараның бағдарламасы қаныққан және ол бизнес-форумды, В2В форматындағы салалық кездесу, сатушылар мен сатып алушылар кездесуін, сондай-ақ Қазақстандағы Сауда ұлттық Іскерлік кеңестер палатасының бірлескен кездесулерін қамтиды»,-деп хабарландыруда айтылған.

«Қазақстан делегациясының әсерлі құрылымы, Иранға деген қазақстандық бизнес-қауымдастықтың қызығушылығы болып келеді. Менің ойымша, біздің елдеріміздің арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды нығайта түсіп, мүдделі кәсіпорындар арасындағы байланыстарды кеңейте түседі»,- деп Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Меирбек Мәжитов айтып өтті. 




Яндекс.Метрика