Өңірлер

Өскемен титан-магний комбинаты әлеуметтік жауапкершілік бойынша барлық шараны жүзеге асырады

«ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер және «ӨТМК» АҚ Президенті Әсем Мамұтова аймақ басшысын титанды өткізу нарығының жағдайы, кәсіпорынның жұмысы мен даму жоспары туралы ақпараттандырды, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.
Шығыс Қазақстан29 Қаңтар , 19:51

 Сильван Гелер «ӨТМК» АҚ әлеуметтік жауапкершілік бойынша барлық шараларды бұдан былай да жалғастыратынын айтып сендірді.

Өз кезегінде аймақ басшысы аталмыш кәсіпорынның дамуы облыс үшін өте маңызды екенін айтып, мұнай-газ секторы үшін өнімдер сату көлемін ұлғайтуды тіледі.

«ӨТМК» АҚ өнімінің 100 пайызы индустриалды дамыған елдерге экспортталатын, кеуекті титан, титан құймаларын шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі.

2010-2014 жылдары «ӨТМК» АҚ кезекті технологиялық қайта бөлісулерді дамыту және өткізу нарығын кеңейтуге бағытталған, бірқатар инновациялық жобаларды енгізген. Негізгі өндірістердің ішінде – 2010 жылы авиағарыштық, мұнай-газ саласы, атом энергетикасы, қорғаныс және медицина өнеркәсібінде қолданылатын титан құймалары мен қоспаларын өндіретін цехтің ашылуы.  

«ӨТМК» АҚ-ның соңғы ірі инвестициялық жобаларының бірі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы оңтүстік кореялық «ПОСКО» компаниясымен бірлесіп титан қоспаларын өндіретін «ПОСУК Титаниум» кәсіпорнының құрылуы. Жаңа зауыттың өнімі 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді және Кореяның кеме жасайтын компанияларымен қолданылатын болады.

 




Яндекс.Метрика