Басқару

А.Мұсақожаева: «Нұр Отан» партиясының орындай алмайтын тапсырмасы жоқ

«Нұр Отан» партиясы жүзеге асыра алмайтын тапсырма жоқ, деп Қазақстанның халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева ОКҚ брифингі кезінде айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:49

«Біздің партия орындай алмайтын тапсырма жоқ. Бүгінде алдымызға мақсат қойып оны орындауға көшуіміз қажет», - деді А.Мұсақожаева.

Бүгінгі экономикалық жағдайда қазақстандықтарға экономиканы тұрақтандыру мен қоғамның үндесуіне аса назар аудару қажет.

Айта кетейік, жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Съезде басты баяндаманы Нұрсұлтан Назарбаев оқиды.  Сайлау алдында партияның алдына бірқатар тапсырмалар қойылады деп күтілуде.

Съезде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар.




Яндекс.Метрика