Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде 222 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды

2011-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бос орындарға 222,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және даму министрлігі.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:34

Сонымен қатар, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аясында 34,7 мың қазақстандық кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, өз істерін ұйымдастыру үшін микрокредит алды.

Жастар практикасына 80,8 мың, мемлекет субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындарына 103,1 мың адам жіберіліп, кәсіби оқыту, біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан 122,9 мың азамат өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі.

Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.

Қосымша жұмыс орындарын құру үшін «ЖҚЖК 2020» аясында қолданылатын келесі құралдарды: инфраструктуралық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалардың мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие беру күшейтілетін болады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика