Басқару

Қуатты экономика үшін «Нұр Отан» партиясы ұсынған үміткерлер сынды адамдар қажет – кәсіпкер

Қуатты экономикаүшін «Нұр Отан» партиясы ұсынған үміткерлер сынды адамдар қажет, деді «Орел» ЖШС директоры Сергей Коротин «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:18

«Біздің мемлекет шағын және орта бизнес негізінде құралуы бойынша тапсырма жүктелді. Себебі, мемлекет осы сала дамыса қуатты елге айналады», - деді ол.

Кәсіпкер атап өткендей, Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің жаңаруы 60 пайыздық оң көрсеткішке ие.

«Жаңа тізімде жастар мен кәсіпкерлер, заңгерлер де бар. Олар өндірісті ішкі жағынан тамаша біледі. Экономика қуатты болып, өндіріс  көлемі өсуі үшін аталмыш мамандар қажет. Мен көп үміткерлерді танимын. Меніңше, олардың қолынан  бұл іс келеді», - деді ол.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика