Басқару

Қ.Оспанова: «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіретін боламыз

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіретін боламыз, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облысындағы филиалының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:17

« «Нұр Отан» партиясының алдында нақты талаптар қойылды. Партияның сайлауалды бағдарламасы бар, ол нақты әрі түсінікті, Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімі ұсынылды. Біз жергілікті жерлерге шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Елбасы қойған мақсаттарды жүзеге асыруды халыққа жеткіземіз. Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейміз», - деді ол.

Айта кетейік, жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика