Басқару

Н.Назарбаев спортшыларға Қазақстанның атағын насихаттауға үлес қосқаны үшін алғыс білдірді

Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отанның» кезектен тыс съезінде спортшыларға Қазақстанның атағын насихаттауға үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:11

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының  кезектен тыс XVII  съезінде Олимпиада чемпиондарына алғыс білдірді.

«Генадий Головкин – біздің мақтанышымыз, оған барлық Қазақстан жанкүйер болып отыр. Бар Қазақстан сен аренаға шыққанда жанұшыра жанкүйер болатынын ашық айта аламын. Біздің уақыт  пен Америка уақытының  айырмашылығы   11 сағат. Барлығын жеңген соң, елге орал», - деді Н.Назарбаев.

«Міндетті түрде тырысамын», - деді Г.Головкин.

«Илья Ильин – Олимпиада ойындарының чемпионы. Серік Сәпиев – біздің чемпион. Барлығын тізіп айтып жатудың қажет жоқ. Олар Қазақстанның әлемдегі атағын насихаттауға үлес қосуда. Біздің рухымыз биік», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика