Басқару

И.Сауэр: АӨК –ті атаулы қаражаттандыру өндіріс көлемінің өсуі мен өнімнің сапасын ынталандырады

Агроөнеркәсіптік кешенге атаулы қаражаттандыру өндіріс көлемінің өсуі мен өнімнің сапасын ынталандыруға септігін тигізеді, деп «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 16:04

«Біздер, аграрлықтарға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды платформасымен танысу керек болды. Өйткені экономиканың нақты дамуына себеп болатын жағдай АӨК екендігі айтылып өтті. Бүгінгі күні басты бағыт ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, инфрақұрылымдарды алу, ғылыми даму, өнімділікті ұлғайтуға көңіл бөлді. Әрине шамданушылық мақсаттар қойылған, яғни 5 жыл ішінде өнімділікті 1,5 есеге көбейту, бірақ ол қолдан келетін жұмыс. Біз бұл салада жұмыс істейміз және оны жақсы білеміз. Соңғы үш жылда біз 17 пайызға өсіп келеміз. Бұлардың барлығын жасай аламыз»,-деді И. Сауэр.

«Қазір барлық қаржыландыру –қаржыландыру алу үшін өндірілген бірлік мекен-жайына аударылуда.  Бұл өндіріс өсуін ынталандыруға өте маңызды болып келеді»,-деп түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті. Съез барысында жаңа сайлауалды бағдарлама қабылданып, 2016 жылы 20 наурызда өтетін ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын партияның кандидаттар тізімі нақтыланды

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика