Басқару

А.Башмаков: «Нұр Отан» партиясының сайлауалды платформасы саяси және экономикалық мәнге ие

«Нұр Отан» партиясының сайлау алды платформасы саяси және экономикалық мәнге ие, деді ҚХА кеңесінің мүшесі Анатолий Башмаков ОКҚ-да.
Астана қаласы29 Қаңтар , 15:56

«Съездегі маңызды  мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасы болды. Партия жақын арадағы 5 жылда қалай жұмыс істейді, қазақстандық қоғамның бірлігін қамтамасыз ету, ғылымның дамуы, мәдениет пен спорт мәселелерін дамыту сынды өзекті мәселелер партия платформасында айтылды», - деді А.Башмаков.

«Құрылымдық және мазмұнды тұрғыда бұл құжат идеологиялық-саяси, экономикалық мағынаға ие. Бұл құжат Елбасы бастаған өркениеттің даму тәртібінен басталады. Біз кез келген жұмыс негізінде біздің елдің нығаюы мен гүлденуін қарастырдық», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика