Басқару

Н.Назарбаев ҚР Парламент Мәжіліс депутаттар құрамының 60 -%-ға жаңартылу себебін айты

Н.Назарбаев ҚР Парламент Мәжіліс депутаттар құрамының 60 -%-ға жаңартылу себебін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде айтып өтті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 15:24

«Әр съезд барысында саяси толығу мен партия мүшелерінің жұмысын түсіне бастаймыз.  Бүгін біз тарихи кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Сол себепті Парламент Мәжіліс депутаттығына кандидаттар мен біздің партия мүшелеріне сайлауда сәттілік тілеймін»,-деді Елбасы.

Сонымен қатр, Елбасы сайлау науқаны кезінде көптеген  басқа елдерден келген  бақылаушылар  жұмыс жасайтығын айтып өтті. Сол себепті сайлау бәсекелестік ортада адал өтуі тиіс екендігін айтып өтті.  «Кандидаттарға дайындалу керек. Олардың өздерінің айтатын сөздері бар. Менің ойымша сіздер халыққа партия қандай жұмыстарды жасағандығын және алдағы жасалатын жұмыстарды тиянақты түсіндіресіздер. Сіздердің аттарыныздан өткен шақырылымда жұмыс атқарған  депутаттарған алғысымды айтқым келеді.  Бүгінгі күні тізім бойынша олардың құрамы 60 пайызға өзгереді. Бұл дұрыс және оған себеп әр түрлі болып келеді:  зейнетке шығатын жасқа келуі, заңды білетін және оны жасай алатын заңгерлер керек, Қазақстандағы экономикалық мәселені түсіне білетін экономистер керек, әлеуметтік желі өкілдері керек»,-деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша, Қазақстан өз алдында қазақстандықтардың жасын 73 жасқа дейін ұзартуды міндетке қойып отыр.

«Мен бұл санды айтқан жоқпын, өйткені біз артығымен орандаймыз ба деп қорқамын. Денсаулық сақтауда қазақстандықтардың өмір жасын орта есеппен 73 жасқа дейін ұзарту бойынша міндет қойып отырмыз.  Бұл жақсы мүмкіндік және соған қол жеткізуіміз керек.  Сонымен қатар, депуттатардың құрамын өзгеруге басқа да себептер бар. Ол бұл құрамның жаман жұмыс істегендігінде  емес. Өмір күнде өзгеру үстінде. Менің ойымша атқару органдар  депуттардың  басқа салаға орналасуына көмегін тигізеді деп ойлаймын. Мемлекеттік қызмет туралы заң қабылданды. Ол жерде зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкер жұмыс орның босатып, жастарға жол беру керек деп ойлаймын. Және оны біз іске асырамыз»,-деп қорытындылады Н.Назарбаев.

 




Яндекс.Метрика