Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Р.Қасымова: «Нұр Отан» партиясы өз бағдарламасын тиімді атқаруда

«Нұр Отан» партиясы барлық деңгейлі депутаттыққа үміткерлерді өте дұрыс таңдаған, олар Елбасының бастамаларына заңнамалық түрде жылдам қамти алады. Бұл туралы Strategy2050.kz АА сұхбатында «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлер кеңесі жанындағы әскери-патриоттық және рухани тәрбиелеу жөніндегі комиссия төрағасы Раиса Қасымова.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 15:39

«Біздің партия өз бағдарламасын тиімді атқаруда. Бұл халық өмірінің жақсаруына айтарлықтай оң әсерін тигізуде.  Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезеңтен тыс отырысында айтты. Сәттіліктің кілті қарапайым – біздің партия қазақстандықтар үшін маңызды мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жаңа бастамалары нақты әлеуметтік бағытқа ие», - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылдардың тәжірибесінде «Нұр Отан» өзінің жұмысқа деген қабілетін байқатты.

«Бүгінде біздің партия Қазақстанның саяси күшінің көшбасшысы болып отыр. 20 жыл бұрын мен СҚО-ның Қызылжар ауданында партиялық ұяшықтың ашылуына куә болдым. Бұл уақыт аралығында ел жақсы жаққа қарай бет алды.  Қазақстан аяғына нық тұрып, өзінің дамуын жалғастыруда», - деді ол.

Индира Кауметова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Яндекс.Метрика