Басқару

Мемлекет басшысы: Жәрдемақы көлемі әр отбасының табысына қарай бекітіледі (ФОТО)

Жәрдемақы көлемі әр отбасының табысына қарай бекітіледі. Бұл жөнінде Астанада болып жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өтті.
Астана қаласы 29 Қаңтар, 13:46

«Ерекше мәселе – халықтың әлеуметтік әлжуаз бөлігін қолдау, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсеті. Мекен-жайлық әлеуметтік көмектің жүйесі енгізіледі. Демек, бұл үшін ақша жай төленбейді. Адамдар білім алып, барлық бағдарламаларға қатысуы керек», - деді Н.Назарбаев.

Оған қоса, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға бірыңғай жәрдемақы төленеді.

Айта кетейік, жиынға екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың ішінде республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Анар Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика