Парламент

Ф.Садыхов: Жаңа Парламент Қазақстанның дамуына серпін береді (ЭКСКЛЮЗИВ)

Жаңа Парламент Қазақстанның дамуына серпін береді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында танымал саясаттанушы Фикрет Садыхов (Әзірбайжан) .
Әлемде 29 Қаңтар, 15:02

20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

«Экономикалық күрделі жағдайда ел басшылығы саяси жүйе мен мемлекеттік құрылымдарды дамыту шарасына келіп тіреледі. Бүгінде Қазақстан күрделі шешім қабылдайтын кезеңге келіп жетті», - деді саясаттанушы.

Өз сұхбатында Ф.Садыхов Мәжілістің жаңа құрамына керек қасиеттерді тізіп шықты. Заңнамалық актілеріне өмірлік жағдайға алып келе алатын, шығармашыл адамдар қажет.

«Бұл кезеңде Президент депутаттық корпусқа жаңа адамдар жинауда. Олар заңнамалық проблемаларды шешіп, жаңа актілер қабылдайды. Меніңше, жаңа сайлаулар заманауи жағдайда тез әрекет ете алатын адамдардың келуіне ықпал етеді», - деді сарапшы.

Ф.Садыхов атап өткендей, жаңа парламенттік корпус Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін береді.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев дұрыс бағытта келе жатыр. Ол жаңа команда мен парламенттік корпусты әзірлеуде. Бұл саяси жүйенің дамуы мен қалыптасуына әкеледі», - деді ол.

Мәдина Маржақыпова

Сурет  xronika.az 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика