Басқару

М.Өтеубаев: «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудың кепілі ретінде қызмет етеді

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы қазақстандық қауым мен елге жағымды жағдайлар алып келеді. Партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы саяси, Мемлекет басшысының стратегиялық жағдайын көрсететін идеологиялық құжат болып келеді. Бұл жөнінде Екібастұз қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының Саяси кеңес мүшесі Марат Өтеубаев Strategy2050.kz АА эксклюзивті түрде берген сұхбатында айтып өтті.
Қарағанды 29 Қаңтар, 13:32

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам алдында дағдарысқа қарсы стратегия аясында көптеген мәселелерді қойды.  Съез барысында партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Нұрсұлтан Назарбаев :«Қазақстан әлемдегі 50 үздік инновациялық экономикалардың қатарына енді» деп айтып өтті. Бұл біздің болашағымызға үлкен жол ашады. «Нұр Отан» сайлауалды бағдарламасында саяси тұрақтылықты нығайту, келісім мен ел бірлігі және тағы да басқа мәселелерге жаңа міндеттер қойылды. Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық- біздің  ұлы құндылықтарымыз бен жетістіктеріміз қаланған іргетас. «Қазақстан жолының» маңыздылығы елімізді, қоғам бірлігін әрдайым біріктіріп тұрады. Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы курсы елдің алдағы жаңғыруына және жаңа «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «Қазақстан-2050» стратегиясының  іске асуына септігін тигізеді»,-деді М.Өтеубаев.

Оның ойынша, партияның сайлауалды бағдарламасында Қазақстан мемлекетінің реформалау концепциясы баяндалды. Сарапшылардың ойынша, оның іске асуы біздің елдің тәуелсіздігін нығайта түседі.

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру  жұмысы тәуелсіздікті нығайтып, азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісімді сақтап қалады. Сайлауалды бағдарламада тізгін бойынша Елбасының мемлекет пен қазақстандық қауымның реформалау жұмыстары баяндалған. Мемлекет басшысының стратегиялық бағытының жүзеге асыру мен «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы  алдағы уақытта «Мәңгілік ел» аясында тұрақтылықты қамтамасыз етеді».

«Қазақстан жолы» ұзақ мерзімді келешекке  жаңа стратегиялық мақсаттарды іске асырады»,-деді М.Өтеубаев.

Индира Қауметова

Жеке мұрағаттан алынған сурет

 





Яндекс.Метрика